Жамбыл полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам түрлі есірткі тәркіленді. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Есірткі қылмысын анықтау және оған қарсы күресу полицейлердің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Есірткі құралдарын дайындаумен, тасымалдаумен, сақтаумен, өткізумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.

2020 жылдың 21 қарашасында полиция қызметкерлері Т.Рысқұлов ауданының жайылымындағы құмға жақын маңдағы аймақта қойшы болып жұмыс істейтін Жуалы ауданының 42 жастағы тұрғынын ұстады, одан 16 келіден астам «кептірілген марихуана»есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті өз кінәсін мойындап, Т.Рысқұлов ауданының УҰИ-не қамаққа алынды.

Сонымен қатар, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 785 қылмыстық құқық бұзушылық дерегін анықтады: оның ішінде 120 есірткі өткізу дерегі, 59 аса ірі көлемде сақтау дерегі, 5 есірткі құралдарының контрабандасы, 4 есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау және 574 қылмыстық теріс қылық дерегі.

Полицейлермен заңсыз айналымнан 3 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленді: 70 келі гашиш, 2 тонна 907 келі марихуана, 1 келі героин және 2 келі синтетикалық есірткі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?