25 қарашада блокпостта полицейдің заңды талаптарына бағынбаған 53 жастағы павлодарлық ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

Сағат 14.30 шамасында «Мицсубиси L200» автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі Шарбақты блок-бекетіне тиісті құжаттарды тексеру үшін тоқтады. Оған және оның жұбайына Павлодар қаласына кіруге рұқсаты болды. Барлық рұқсат құжаттарын тексерген кезде полиция қызметкері жүргізушіге қауіпсіздік белдігін бекіту туралы ескерту жасады. Жүргізуші бұған агрессивті түрде жауап берді, ал полиция қызметкеріне әдепсіз тіл тигізді. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 667-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал сотта қаралды. Сотқа дейін ер адам уақытша ұстау камерасында ұсталған. Сот қаулысымен жүргізушіге 20 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, — деді Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов.Полиция ҚР ӘҚБтК — нің 667-бабына сәйкес — құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау ескерту жасауға немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатынын түсіндірді.Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысында Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбаған 154 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?