Бүгінде көпшілігімізге белгілі, алаяқтардан зардап шегіп, алданып қалып жатқан адамдар саны аз емес. Сондықтан Түркістан облысының бас полицейі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғандарға алаяқтардан сақ болуға қажетті кеңестерін ұсынып, алданбауға шақырды:

«Қазіргі уақытта белең алған қылмыстардың бірі алаяқтық жайты. Статистикаға көз жүгіртер болсам, ұрлық жайты өткен жылы 3000-нан асса, жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 1499-ы орын алған. Яғни 50 пайызға кеміген. Ал алаяқтық жайты 2019 жылы 600-ден асса, биыл 854. Демек нақты мәліметтер арқылы ұрлықтың азайып, алаяқтық жайтының көбейгендігін аңғаруға болады. Бұл сандар біздің тарапымыздан атқарылып жатқан жұмыстардың аздығын емес, керісінше тұрғындар тарапынан қылмыс құрбандарының артқандығын көрсетеді. Алаяқтықтың көбеюінің тағы бір себебі, кейбір азаматтардың құрғақ сөзге сеніп, әрекет етуді немесе оңай жолмен ақша табуды жөн көретінін білдіреді.

Аталған қылмыстың ашылымына назар аударатын болсақ, ағымдағы жылда облыс полицейлерімен алаяқтық жайтының ашылымы 95,0 пайызға артқан. Десек те артық сенім білдіретін азаматтардың салдарынан бұл қылмыс бүгінгі кнге дейін белең алып келеді.

Сондай-ақ осы жыл ішінде ашылған ірі көлемдегі алаяқтық жайттарына тоқталар болсам: «Индиго-24 Эволюшн» атты қаржы пирамидасын айтуға болады. Бұл жайт бойынша жаз айында ірі сомада алаяқтық жасаған әйелді ұстадық. Тиісінше тергеуді бастадық, содан кейін ақырындап олардың басшысының ізіне түстік. Міне сол уақыттан бері бүгінгі күнге дейін шығын көлемі 2 миллиардқа жуықтады. Оған қоса тұрғындарымызды сан соқтырып кеткен осы жайт бойынша 15 ұйымдастырушы анықталып, оның 12-сі ұсталып, қамауға алынды. Ал үшеуіне іздеу жарияланды. Негізі тергеу әлі де жүргізілуде. Өйткені арызданушылар саны артуда. Соған сәйкес күдіктілер санының өсуі де ықтимал.

Бүгінгі таңда интернет алаяқтығы да алаяқтық жайтының ең кең таралған түрі болып табылуда. Себебі техника дамыған сайын, ғаламтор арқылы өз олжасына оңай қол жеткізетіндер көбейді. Олар қарапайым телефонен-ақ өз арам істерін іске асыруда.

Мәселен, осы айдың ішінде бір өзі 57 миллион теңгенің интернет-алаяқтығын жасаған күдікті жас жігітті қолға түсірдік. Ол телефон арқылы өнімдерге тонналап тапсырыс беріп, өз есепшотына ақшасын аудартып алған соң, зым-зия жоғалып отырған. Оны біз 3 тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласынан ұстап, қамауға алдық.

Сондықтан әрдайым мына төмендегі кеңестерді естен шығармаңыздар:

— Жұмысқа қабылдаймын немесе мемлекеттен берілетін жәрдемақыларды, әлеуметтік көмектерді т.б сізге күмән келтіретіндей жолмен ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізіңіз!

— Онлайн арқылы несие алу деген секілді тез және оңай орындалатын қызметтерге күмәнмен қараңыз!

— Әлеуметтік желілердегі әр түрлі тауарларды, өнімдерді және қызметтерді сатуға арналған жарнамаларды қарағанда сақ болыңыз!

— Әр түрлі банктердегі шоттарға төлем аударуды талап еткен жағдайда мұқият болыңыз!

— Алдын ала төлем жасамаңыз!

— Тауарларды расталмаған сату көздерін пайдаланбаңыз!

— Интернетте, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы жасалатын күмәнді мәліметтерден бас тартыңыз!

— Төлем жүйелерімен белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз!

— Басқа қалаға арналған қосалқы бөлшектерді сатып алғанда, достарыңыз бен таныстарыңызға айтып, сатушымен кездесуге және сатып алынған өнімді тексеруді өтініңіз. Әбден көз жеткізіңіз!

— Бейне байланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз!

Сонымен қатар, ең бастысы сіз ешкімге банк шотыңыздың толық нөмірін, құпия сөздерін беруге, айтуға міндетті емессіз! Бұл ретте біз қылмыскерлерді ұстауға байланысты өз жұмысымызды атқара береміз, ал сіздерден сұранарым айтылған кеңестерді есте сақтаңыздар! Сонда алаяқтардың өзіңізді арбауына жол бермейтін боласыз!»,- деп түйіндеді өз сөзін ТО ПД-ның бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?