— Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылдарының арқасында жас баланы қауіп-қатерге душар еткен 33 жастағы ана ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мәселен, 26.11.2020 жылы сағат 20.40-та полицияға Павлодар қаласындағы «Автовокзал» трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық жастағы азиялық бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көзбен шолып қарау кезінде балада көзге көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Дереу жас балалар бойынша бағдар жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды. Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көргендер арасында сауалнама жүргізілді. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары қыс мезгілінде үлкен жұмыс атқарды. Нәтижесінде, учаскелік инспекторлар жедел түрде 32 жастағы павлодарлық басқарған «Toyota Camry» автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, «InDriver» мобильді қосымшасы арқылы ол клиенттерді тасымалдаумен айналысады. Бұл күні ол ШҚО Семей қаласынан Павлодар қаласына баласы бар әйелді алып келді, ол келген бойда әйелді автовокзалға қалдырды. Екі сағаттан астам уақыт өтті, күдікті әйел ұсталды. Оқиға бойынша ҚР ҚК 119 — бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді Павлодар облысы Полиция департаментінде.Полиция әйелдің тұрмыста емес екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі ұлы (9 жас, 1,2 жас) бар екенін түсіндірді. Үлкен ұлы әжесімен Екібастұз қаласында тұрады. Соңғы жылдары ол өзі Тараз қаласында тұрған. Ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.Анықталғаннан кейін, жас бала жедел жәрдем дәрігерлерімен тексеріліп, кейін Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?