Брифингте IX Азаматтық форумды өткізу барысы туралы айтты. Бұл туралы ҚР Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін, 2020 жылғы 26 қарашада «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізуге арналған брифинг өтті.
Брифингтің негізгі спикерлері Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов пен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нургазиева болды.
Олар Қазақстанның IX Азаматтық форумын өткізу барысы, форумның қорытындылары туралы айтып, қоғам мен бизнестің үздіксіз диалогын дамытуда осындай диалог алаңдарын құрудың маңыздылығын атап өтті.


Болат Тлепов: «Бұрынғы форумдарға республиканың барлық аймағынан
санаулы делегаттар сайланып, бар-жоғы 800-дей адам қатысып келсе, биыл онлайн форматтағы форумда қатысушылар санына шектеу жоқ. Азаматтар республиканың кез-келген өңірінен онлайн қосылып, қоғамды толғандыратын түйіткілді мəселелер бойынша дискуссиялық алаңдарға қатысуға мүмкіндік алды».

Спикерлердің айтуынша, форумның мазмұнды бағдарламасы азаматтық қоғамның барлық проблемалық мәселелерін қамтуға мүмкіндік берді, атап айтқанда: әлеуметтік жұмысты ел қажеттіліктері үшін басым мамандықтар тізіміне енгізу, ҮЕҰ үшін кәсіби тәсілдерді дамыту, экологиялық білім беруді дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ашықтығын қамтамасыз ету, ҮЕҰ-ды мониторинг жүргізуге тарту, мемлекеттік орган, ҮЕҰ және бизнес арасындағы қарым-қатынас, ҮЕҰ қызметіндегі цифрландыру деңгейін арттыру және т.б.
Сонымен қатар, ҮЕҰ ресейлік сарапшылардың, жаттықтырушылардың, футурологтардың, сондай-ақ қазақстандық блогерлер мен медиа-тұлғалардың пікірталастарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов өз сөзінде Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елімізде азаматтық қоғам айтарлықтай жоғарғы деңгейге жеткенін және ішінара бұл өзгеріске Азаматтық форумдар негізгі үлес қосқанын атап өтті.
Сонымен қатар, пресс-конференция барысында спикерлер: еліміздің қоғам қайраткерлерін біріктіретін дәстүрлі іс-шара биыл жаңа форматта өткізілгенін атап өтті. Қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында Азаматтық форум онлайн режимге көшірілді, ал делегаттарға ыңғайлы болу үшін мазмұнды бағдарлама бес күнге бөлінген.

«Форумның қорытынды қарарлары 2020 жылғы 27 қарашада өтетін қорытынды пленарлық сессия аясында қаралатын болады», — деп атап өтті Болат Тлепов.
Айта кетейік «Қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы» тақырыбындағы Қазақстанның Азаматтық форумы 2020 жылдың 23-27 қарашасы аралығында өтуде.

Анықтама ретінде:
Азаматтық форум – бұл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2003 жылдан бері әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі алаң.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?