Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың желтоқсандағы № 461 Жарлығымен Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министінің баспасөз қызметі жариялады.

Олардың қатарында мәдениет және  өнер қайраткерлері, спортшылар бар.

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында Нұр-Сұлтан қаласындағы награда иелерін марапаттады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі бойынша биыл мемлекеттік наградамен марапатталғандар тізімі:

«Отан» орденімен:

Мұхамедқызы Майра —         «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ жетекші опера солисі;

«Парасат» орденімен:

Сембеков Мирхаят Әбулхайырұлы — «Олимпиада даярлау орталығы» РМҚК директоры;

«Құрмет» орденімен:

Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы —         ақын, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК аудармашысы;

Малиновский Александр Васильевич — «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» КЕАҚ оркестр концермейстері;

Фортуна Светлана Сергеевна — Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК артисі;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Мұхтарова Жаңыл Өміртайқызы — департамент директорының орынбасары, ҚР МСМ;

Төлегенова Раушан Қалықбекқызы — «Қазақ ұлттық хореография академиясы» КЕАҚ оқытушысы;

Шомаева Дилара Ержанқызы — «Астана Балет» театры» ЖШС жетекші балет солисі;

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен:

Магавин Ермек Әмірұлы — «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК қазақ симфониялық оркестрінің артисі;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы:

«Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ аға оқытушысы Джулдиева Ольга Ивановнаға  берілді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?