Аспанға оқ атқан ер адам ұсталды-деп жариялады Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Канат Таймерденов.

Көпшіліктің бірінде жарияланған видеоға жауап аясында, Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері жедел түрде Розыбакиев көшесінің бойында салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында тұрған Қызылорда облысының тұрғыны, 1996 жылы туған М.азаматты анықтап, ұстады. «М. мырзаның осы мекемеде сантехник болып жұмыс жасайтындығы анықталды. Оның қолында травматикалық тапанша болған, ол күдіктінің тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленді. Ұсталушының айтуынша, бұның себебі — әлеуметтік желілерде танымал болуға деген ұмтылыс. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 287 бабы бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр », — деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Думан Аухадиев. Сонымен қатар, ұсталған адам көпшіліктен кешірім сұрады.

«Мен өз кінәмді мойындаймын, менің іс-әрекетім заңға қайшы екенін білмедім, өз кінәмді мойындай отырып, мен барлық қазақстандықтардан кешірім сұрағым келеді. Мені кешіріңдер!»

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?