Жамбылдық полицейлер жаңа жылдық мерекелерде көлік жүргізушілердің тәртібін бақылауды күшейтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Статистика көрсеткендей, жаңа жылдық мерекелер кезінде жолдарда мас күйінде жол қозғалысына қатысушылар саны артатыны, бұл көптеген жол-көлік оқиғаларына әкелетіні белгілі. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жол қозғалысының мас қатысушыларына: жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ерекше назар аударатын болады.

Мас жүргізушілердің кінәсінен жасалған ЖКО саны 54,4%-ға, оның ішінде қаза болғандар саны – 58,3%-ға, ал жарақат алғандар саны – 59,3%-ға төмендеді, өздеріне ықылассыз қарайтын азаматтар мас күйінде көлік рөліне отыруды жалғастыруда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 11 айында облыс бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзудың 99 152 дерегі, оның ішінде жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын жүргізгені, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға бергені үшін 647 дерегі тіркелген.

Мәселен, 2019 жылдың 12 айы кезеңінде облыс бойынша мас күйінде көлік құралын басқарудың 1 105 дерегі тіркеліп, оның сегіз дерегі 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында жаңа жылдық түнде анықталды.

– Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында облыс бойынша жүргізушілердің ұстамдылықтарына бақылау күшейтіледі. Жүргізушілерге спиртті ішімдік ішіп көлік басқаруға тыйым салынады. Алкоголь мен көлік бір-біріне сыйыспайтын әрекет, спирттік ішімдікті қолданып көлік басқару – бұл қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, азаматтардан өз әрекеттерімен жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мас жүргізушілердің

көлік құралдарын басқару деректері туралы “102” телефонына хабарлауды сұраймын, – деді ПД ЖПҚБ жол қозғалысын қадағалауды ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Болат Ізбасаров.

Жамбы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?