Анықтаушылар көп балалы отбасыға көмір түсіріп берді-деп мәлімдеді, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімінің жеке құрамы көп балалы жанұяға 1,5 тонна көмір түсіріп берді. Пахтакор-2 шағын ауданының тұрғыны Феруза Алиева 6 баланың анасы. Ауа райы суытып аяз түскен сәтте көп балалы ананың қысқы отыны таусылып, бала-шағасы тоңған. Көмекке мұқтаж жанұя туралы естіген тәртіп сақшылары бір ауыздан қайырымдылық көмек көрсетуге ниеттенген. Нәтижесінде ұл-қызын жалғыз өзі өсіріп отырған азаматшаның шаңырағына арнайы барған полицейлер қысқы отын көмір мен тұрмыстық азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. Сондай-ақ жаңа жыл мерекесімен құттықтап, бүлдіршіндерге сыйлықтар тарту етті. Айта кететін жайт, аталған жанұяға тәртіп сақшылары осыған дейін де көмек көрсеткен болатын. Бала-шағасының қамын ойлап, алаңдап отырған ана қайырмыдылық жасаған Қаратау ауданы Полиция басқармасының анықтау бөлімінің жеке құрамына алғысын білдіріп, рахметін жеткізді.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?