«Ет сасыса- тұз себеміз, ал су сасыса не себеміз?»- демекші, Түркістан облысында соттардың «сорлаған», сыбайлас судьяларыда әшкереленгені бәрімізге белгілі. Естеріңізде болса, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаев та парамен ұсталған болатын.

ҚР ҰҚК мәлімдемесі

Ә.Рахымбаевқа қатысты, 2020- жылдың мауысым айында, ҚР Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігімен төрт жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы ақпарат жарияланды. Арадан көп уақыт өтпей, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер бойынша бұрынғы алқа төрағасы, Бекімбетов Түгел Бекбайұлы, ҚР Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. 2020- жылдың мамыр айында Түгел Бекімбетов, кәсіпкерден пара алды деген күдікпен ұсталған болатын:

 
Түркістан облыстық сотының азаматтық істер бойынша бұрынғы алқа төрағасы, Бекімбетов Түгел Бекбайұлының ұсталған кезіндегі бейнематериал

Қызықтың көкесін түйе сойғанда көресің дегеніндей, Түркістан облысы сотының судьялары адамдардың тағдырын таразылауға келгенде, сотты бизнеске айналдырып жібергенбе?- деп таңырқаудан таңдай тесілетін болды-ау шамасы?

Түркістан облысы соты

Неге дейсізбе?

— Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылында құрылыс жүргізілген кіші жабық футбол алаңы бойынша, анықтау жұмыстары жүргізіліп, атқарушы техникалық құжаттары құрылыс ережелеріне сай рәсімделмей, өз бетінше құрылыс жұмыстары жүргізілгені анықталды- деп бөлім басшысы Т. Досалиевтің

ресми жауап бергенсоң қандай негізде сот кәсіпкердің тарапына, сот апелляциясы анықтады деп,

«Аудандық барлық тиісті құзырлы органдар елді мекен шегінде нысана салу үшін жер учаскесін бөлуге бір қатар келісімберуші органдарының қорытындыларын алған»- деп, Түркістан облысы сотының алқа төрағасы А. Байтурова және судьялар Б. Тәңірбердиев пен А. Тоқсанбаев,

05.08. 2020- жылғы қаулысын шығарады. Алайда, «Түркістан облысының мемлекеттік сәуелет құрылыс бақылауы басқармасы» басшысының орынбасарының міндетін уақытша атқарушы С. Мырзагулов, 14.01.2020- жылы, № 39-02-05/78 шығыс хатында,

«Зерделеу жұмыстары нәтижесінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актіге сәйкес, жер учаскесінің нысаналы мақсаты тұрғын үй бола тұра, кіші жабық футбол алаңы құрылысын жүргізген, жергілікті атқарушы органның осы нысанға қатысты шешімі шықпаған»-деп, Бәйдібек ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиеваке ресми хат жолдайды.

Ал, кіші жабық футбол алаңшасының жанында орналасқан тұрғын үйде, мүмкіндігі шектеулі адам өмір сүретіні, оның денсаулығына зиян, кедергі келтіретін жәйттер неге назарға алынбаған?

Тұрғынның айтуынша, «футбол алаңшасына келген адамдардың дауысынан тыныштық жоқ, бұл жерге спортшылар емес, маскүнемдер жиналады. Өзім 2- топтағы мүгедекпін, ал айқай-шудан ұйқтай алмаймыз»- деп, тұрғын үй егелері шағымданып шаршаған.

Көптеген хаттарда жергілікті билік, Президенттің 26.12.2019- жылғы ҚР кәсіпкерлерге арналған мороториді алға тартып тексерулер мүмкін болмайтынын алға тартқан. Бейнежазбадан толығырақ:

 
«Отырар» телекомпаниясының жариялаған ақпараты

Алайда мараторий кәсіпкерлерге заңсыз әрекет жасайберіңдер- дегені емесқой?

2020- жылдың 23- қазан айында Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың Судьялардың VIII съезінде сөйлеген сөзі бос сөз емес шығар?

Бейнежазбадан толығырақ:

 
2020- жылдың 23- қазан айында Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асановтың Судьялардың VIII съезінде сөйлеген сөзі

Енді мүмкіндігі шектеулі азаматшаның өмір сүретін үйінің жанындағы кіші жабық футбол алаңшасын, кәсіпкерге мороторий жарияланған-деп, адамдардың құқықтарын қорғай алмасақ, онда соттың халыққа қажеті қанша?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Кімнің сөзі өтірік, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтыңба, әлде ҚР Жоғарғы сот төрағасы Асанов Жақып Қажманұлыныңба?

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Асанов Жақып Қажманұлы

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, аудандағы болып жатқан жаға ұстатарлық жағдайларға неге көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі ананың және халықтың соттасып сүйретілмеуіне жол бермей, өзінің басқаруындағы басқармаларымен жұмыс жасап, түйіндерді шешпеуіне не себеп?

Түркістан облысының әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлы

Осыншама жағдайдан кейін сотқа деген сенім қалдыма халықта?

Бәйдібек ауданындағы кіші жабық футбол алаңынада пара арқылы шешім, қаулылар шықапағанына кім кепіл Жақып Асанов?

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Сардар Әбдіжақия

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?