Шенеуніктер 800 000 теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыс аудандары бірінің әкімі орынбасары мен «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді сотқа жолдады. Шенеуніктер 2 жер телімі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығару үшін кәсіпкерлік субъектісінен 800 000 теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді. Былтыр 17 қазанда оларға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. 2020 жылы 24 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Аршалы аудандық сотына жолданды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?