-Бірінші суретте-. Мұхтар Мұхамбетжан – арамыздағы абыройлы азаматтың бірі болатын: Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері… 2019 жылы тамызда оған 29 миллион теңге жымқырды деген айып тағылып, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған-ды…-Екінші суретте-. Асылжан Жамалбеков – өзінің абыройымен қоса әкесі Шәріпбек Жамалбековтің де абыройын жермен-жексен етті. Тергеу орындары 430 миллионнан астам қаражатқа іздеу салған кезде, А.Жамалбеков қашып құтылды. Оны халықаралық іздеуге де берген болатын.

Былтыр ғана оралған Асылжан сот үкімімен 2000 АЕК (4 миллион 538 мың теңге) көлемінде айыппұл ғана төлейтін болды.Асылжанның кәмелет жасына толмаған үш баласын ескерген Әл-Фараби аудандық соты, Мұхтардың кәмелет жасына толмаған төрт баласын назарына да алған жоқ. 430 миллионнан астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталған Асылжанның жанында 29 миллион теңгені «жымқырған» Мұхтардың 8 жылға бас бостандығынан айырылғанын не деуге болады? Тағы бір таңқаларлық жайт – А.Жамалбеков жарты миллиардқа жуық қаражаттың талан-тараж болуына себепші болса да, оған «Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттығы» үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 371-бабы бойынша айыппұл ғана салады. Бәлкім, Мұхтар Мұхамбетжан да 29 миллион теңгеге салғырттық танытқан шығар? Әлде себеп басқада ма? Бәлкім, Мұхтардың бар кінәсі – оның Шәріпбек Жамалбековтің ұлы болмағанында ма? Әйтпесе, Бәйдібек ауданының әкімі болып Ержігіт Шәріпбекұлы Жамалбеков емес, Мұхтар Мұхамбетжан тағайындалар ма еді?!

© Әсет Әссанди, Республикалық Арнайы мониторингтік топ мүшесі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?