Шымкент қаласының полицейлері көлікті аңсыз айдап әкеткен күдікті азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 26 қаңтарында сағат 13:51 шамасында Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекшісі Қапал батыр көшесінің бойында орналасқан автотұрақта тұрған “Ауди” маркалы автокөлікті заңсыз айдап әкеткен тұлғаны анықтау және ұстау үшін патрульдік жасақтар мен жедел уәкілдерге бағдар берген. Арада шамамен 20 минут өткенде Жергілікті полиция қызметі басқармасы патрульдік полиция полкінің 9-рота қызметкерлері Ерлан Қалдаров, Аманғали Түйешиев және Айбек Қасымовтар Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында іздеудегі автокөлікті анықтады. Ұстау барысында жүргізуші қашуға тырысқанымен, ұсталып, полицияға жеткізілді. Автокөлік алынды. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?