Шымкентте полицейлер жігітті суицидтен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 28 қаңтарында сағат 19:00 шамасында Арғынбеков пен Қазиев көшелерінің қиылысында кезекшілікте тұрған Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің 7-рота №942-ші автоэкипажының қызметкерлеріне азаматтар келіп, Дендропаркта өз өзіне қол жұмсамақшы досын іздеп жүргендерін хабарлады. Хабарлама бойынша Патрульдік полиция полкінің екі автоэкипажы саябаққа келіп, бүкіл аумақты жедел аралай бастады. Полиция қызметкерлері жігітті беседканың жанынан тауып, онымен диалог орната бастады. Тәртіп сақшылары жігітке барынша жақындаған кезде, ол беседканың қоршауына көтеріліп, мойнына жіп іліп, секіреді.

Үйлесімді жұмыс пен кәсіпқойлықтың арқасында полиция қызметкерлері Алибек Асылбеков, Тұрар Молдахожаев, Мұхит Утеулиев және Ескендір Абдукаримов оны көтеріп, жіпті үзіп, төмен түсіреді. Азамат ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында жігіттің бұл қадамға баруына қызымен жанжалдасуы себеп болғаны анықталды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?