Алматыда автокөліктен бейнетіркеуіш құралды ұрлап жатқандығы сыртқы бақылау бейнекамерасына түсіп қалған. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов жариялады.

Бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған — 1992 жылы туған М.есімді азамат көліктердің жүргізуші жағындағы терезесін сындырып, сол жерден жасырын түрде бейнетіркеуіштерді ұрлап кеткен. Екінші көліктен ұрлық жасағаннан кейін ұры «ізін суытпай» ұсталды. «ПД-нің жедел басқару орталығынан біздің ауданда жасалған ұрлық туралы хабарлама келіп түсті. Дереу учаскелік полиция қызметкерлері тартылды, олар оқиға орнына жедел жетіп, көрші үйден орнатылған камералар қылмыс болған жерді түсіріп тұрғанын байқады. Бейнебақылау камерасындағы жазбаның арқасында күдіктінің бейнесі мен сыртқы белгілері пайда болды, содан кейін жақын жерде орнатылған басқа камералардан көре бастады. Қаскүнемдер жолаушы ретінде отырған көлік белгілі болды. Одан әрі белгіленген көліктің бағыты қаланың бейне бақылау жүйелері арқылы байқала бастады. Ұстауға УПП-92 және УПП-89 учаскелік инспекторлары кетті, олар «ізін суытпай» күдіктіні Жетісу ауданының аумағында ұстады. Онымен заттай дәлелдеме, ұрланған бейнетіркеуіш болды. Жауап алу кезінде ұсталған адамның өзі алдыңғы түні осыған ұқсас қылмыс жасағандығын мойындады », — деді, Түрксіб аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Амантаев. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы — ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның қала ішінде осыған ұқсас 2 қылмыстық эпизоды бар.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?