Жоғарғы сот Шиелі аудандық сот төрағасының заңсыздықтарын растады-деп жариялады Azattyq Rýhy

Бұған дейін Күздеубаевтың қоластындағы қызметкерлеріне қатысты әрекеті және карантин талабын бұзғаны туралы бірнеше рет жазған болатынбыз. Басшысының үстінен арызданған судья Гүлнұр Құрманбайдың айуынша, сот төрағасы оның кабинетінің есігін бұзып ашып, құжаттарды қолды қылу арқылы, өзгенің атынан жалған сот шешімдерін шығарған.

Аталған жағдайға қатысты тексеріс жүргізген Жоғарғы сот, заңсыздықтардың болғанын растады. Жоғарғы соттың жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпаратынша, мемлекеттік лауазымды қызметтің атына кір келтірген М.Күздеубаевқа шара қолдану туралы ұсыныс қабылданған.

«Судья Ғ.Құрманбайдың шағымдары негізінде Шиелі аудандық сотының төрағасы М.Күздеубаевқа қатысты Жоғарғы сот Департаменті тарапынан қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде Ғ.Құрманбайдың шағымында көрсетілген уәждер ішінара расталды. 2020 жылғы 15 желтоқсанда Жоғарғы сот Төрағасы Қызылорда облыстық соты төрағасының ұсынысы негізінде Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриіне «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін М.Күздеубаев пен А.Жолдыбаевты тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін ұсыныс енгізді. Түпкілікті шешімді Жоғары сот кеңесі жанындағы сот жюриі қабылдайды», — деді ҚР Жоғарғы соты Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Е.Жұмақсанов Azattyq Rýhy тілшісіне берген жауабында.

Күздеубаевтың карантин уақытында тойға барып, кішкентай баланың тұсауын кескен видеосы да әлеуметтік желілерде кең тарап, қызу талқыланған болатын. Ол үшін сот төрағасы тәртіптік шарамен құтылған.

«2020 жылғы 11 желтоқсанда М.Күздеубаевтың карантин талаптарын бұза отырып, Шиелі кентінде орналасқан мейрамханаға бару фактісі бойынша материалдар Судьялар одағының Қызылорда облыстық филиалының Әдеп жөніндегі комиссияның қарауына жіберілген. 14 желтоқсанда Комиссияның хаттамалық шешімімен судья әдебіне қайшы келетін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін М.Күздеубаевқа қоғамдық мінеу түріндегі тәртіптік шара қолданылды», — делінген Жоғарғы Соттың жауабында.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Естеріңізде болса 2020-жылдың желтоқсан айында  «Астарлы ақиқат» ақпарат агентігінде, Адамның тағдыры төсектің талғамына қалдыма Жақып Асанов? атты мақалада жарияланған болатын. Оған қоса, Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы сотының төрағасы М.Күздеубаев, карантин кезінде тұсау кесіп тойлап жүрген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде  таралған болатын:

«Тұсау кесіп, карантин тәртібін сақтамайдыма?»- дегендерге қоқаң-лоқы жасағаны туралы, Шиелі ауданында тұратын,  Шиелі Аналары Қоғамдық Қорының төрайымы Гулзинат Сағындықовағада өзінің құзыретін пайдаланғысы келген шығар, карантинде той тойлап жүрген бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялауда жазықты еткісі келгендей үстінен іс қозғатып, тергеуге сүйреді бастағаны туралыда халық арасында талқылаулар өрбіген болатын.   Бұл туралы әлеуметтік желіде сұхбат  жарияланған болатын:

Шиелі аудандық сотының төрағасы М. Күздеубаевтың әрекеттері, көздері көл болған келіншектің жүкті екенінде ескергісі келмей, қарнындағы құрсаққа қастандық жасады деуге тілім жазықты. Алайда бұл жағдайда қарапайым халық қауһарсыз, заң әлсіз көрінеді. Қазіргі таңда аудандық сот төрағасының арызы, аудандағы ананы тергеуден, тергеуге сүйреуден тоқтамайтын секілді. Енді Жоғарғы сот, аудандық сот төрағасының заңсыздықтарын растағанмен, қандай шара көрілетіні жарияланған жоқ.

Сардар Әбдіжақия

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?