Адвокат Абзал Құспанның «Қызылордалық соттар, 4-ші пост»деп -аталған ақпаратын оқып, Қызылорда облысындағы сот жүйесінің бүгінгі болмысын бажайланғанын түсінуге болады.  Судья саудагерме әлде сыбайласпа?- деген ой туындады. Алдағ уақыттарда бір жауабы болып қалар деген үмітпен, әзірге жазылған ақпараттарды сіздерге жеткізуге тырысамыз.  (Ақпаратты қаз-қалпында жарияладық)

Енді құжаттарға көшейік, одан бұрын ескертерім қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, мемлекеттік, отбасылық құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге болмайтыны себепті, сот шешімдерінің үзінділері ғана жарияланатын болады.Бірақ ең қызығы, заңның осы талаптарын Қызылордалық соттардың өздері сақтамағанында болып тұр. Ол туралы бөлек әңгіме.

Сот шешімдері дегенде, бір шешім, бір ұйғарым, екеуіде екі-ақ беттен тұрады. Ол екі беттік шешімдердің кіріспесі, резолютивті бөлімдерін алып тастап, тек уәждеу бөлігін көрсетсек екі-үш сөйлемнен ғана тұрады. Осылай Қызылордалық соттар адам тағдырын оп-оңай шеше салады.
Ал бір ғана сот шешіміне менің тарапымнан дайындалған апелляциялық шағым төрт беттен асады. Екі беттік шешіммен, екі беттік ұйғарымдағы бұзылған процестік және материалдық заңнама талаптарын тізбелеп шығудың өзі екі беттен асты менде. Оның бәрін бұ жерге жазып жату мақсат емес және бір оқырманым дұрыс ескерткендей сот істерін, тек сотта ғана даулау керек екен, біз міндетті түрде бұл кеңеске құлақ асып, апелляциялық алқаға жүгінетінімізді айтқым келеді). Сөйтіп, қалалық сотта табылмаған әділдікті, Қызылорда облыстық сотынан іздейтін боламыз.
Енді сот құжаттарынан үзінділерге көшейік:
Бірінші, 2019 жылғы сот шешіміндегі үзіндіден (сурет №1)
Сіз не түсіндіңіз?
Түсіндірейін, Сізді біреу сотқа береді, әдетте кім береді, досыңыз ба?, жоқ, дос адам үйге келіп, мәселені «миром» шешеді, ия? Жау демей-ақ қояйын, сотттасу, ол – жұмсартып айтқанда «дос емес» адамдар арасында орын алады. Міне сол «дос емес» адам, Сізді сыртыңыздан сотқа береді де, сотқа келіп, «жауапкер сотқа келмейді және ол менің талабыммен келісіп отыр» — дейді. Сот соған сене қалады да, жауапкердің талап арызды мойындағаны себепті, талапты толық қанағаттандыру туралы шешім шығара салады!
Ал, жауапкердің алимент төлемегініне келсек, алдыңғы постта көрсеткенімдей, 2015 жылы неке формальды түрде бұзылған дедім ғой, дәл сол кезде формальды түрде алимент өндіру туралы сот бұйрығы да шығады. Алайда, сот орындаушысына атқару парағы ұсынылмайды. Заңның ондай талабын, яғни сот бұйрығын орындату үшін сот орындаушысына барып, атқару өндірісін алимент өндіріп алушы өзі ұсыну керектігін, заңгер емес, алимент алатын кез-келген әйел біледі. Одан басқа, алимент төлемеу мәселесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 75-бабына сәйкес, сот арқылы ата-ана құқықтарынан айыруға негіз болып табылады. Ал біздің жағдайда, «Н» -ға қатысты әкелік құқықтан айыру емес, оның аты-жөнін туу туралы акт жазбасындағы әкесі туралы мәліметтер қатарынан алып тастау туралы мәселе қаралғанын естеріңізге саламын. Жалпы бұдан басқа да біраз «қызықтар» бар, онымен іштеріңізді пыстырмай, соттың екінші шешіміне көшейін.
Екінші, бұл сот шешімінің заңсыздығы туралы «Н» маған дейін-ақ дабыл қағып, өзі жергілікті мықты адвокат әріптесіммен шартқа отырып, апелляциялық шағым және «шағым беруге мерзімді қалпына келтіру туралы» өтініш береді ғой. Оны, кезінде ана шедевр шешімді шығарған судья «мерзімді қалпына келтіруге негіз жоқ» — деп қанағаттандырусыз қалдырады, ол туралы жоғарыда айтқанымдай екі беттік ұйғарым шығарады. Енді заң талабы солай, апелляциялық мерзімді қалпына келтіру-келтірмеу туралы мәселені сол істі қараған судьяның өзі шешеді.
Енді мен, осы ұйғарымда келтірген негіздерінің бір-екі жеріне тоқтала кетейін (сурет№2 және 3).
Сот ұйғарымының сипаттау бөлігіндегі анау айтты, мынау айтты әңгімені мен комментировать етпей-ақ қояйын. Өйткені «завучтың танысында», сотқа сәлем айтып жіберген «жолдас баланыда», мүмкін судьялар Кәмшат пен Эльмира ханымдар жақсы танитын шығар, ал біз танымаймыз, білмейміз. Бар айтарым, ол адамдар сотқа шақырылмаған, сот алдында ант етіп тұрып жауап бермеген.
Үшінші суреттегі соттың уәждеу бөлігі екі-ақ негізге құрылған
1. Біз мынадай номеріңе смс хабарлама жібердік, келмеген өзіңнен көр,
2. Сот шешімін пошта арқылы жолдадық, енді не дейсің — деген.
Біріншіден, «Н» -ның сот ұйғарымында көрсетілген телефон номері бойынша «Билайн» орталығынан детализация алдырдық (Сіздерде біле жүріңіз, мәлімет соңғы екі жыл көлемінде сақталады және ол қызмет операторыңыз тарапынан тегін көрсетіледі). Онда 2019-дың тамыз-қыркүйек айларында сот тарапынан ешқандай смс-хабарлама келмегендігі айдай анық көрініп тұр!
Яғни, судья өз шешімінде көрінеу жалған мәлімет көрсеткен!
Екіншіден, №4 суретке назар аударыңызшы.
Осыдан екі-үш күн бұрын қалалық сотта іс материалдарымен танысқан болатынмын. Сонда хат тасушы судья атына мәлімдеме жасап, 17.09.2019 жылы хатты апарып тапсыра алмағандығын анық айтып тұр, яғни сот шешімі жауапкерге табыс етілмегенін соттың өз қызметкері растап тұр!
Бірақ соған қарамастан, судья ханым сотқа шақрылдыңдар, сот шешімін уақытында алдыңдар деп, «мерзімді қалпына келтіруге негіз жоқ» -деп ұйғарды…
Жалғасы бар…
Абзал Құспан
Ақпарат бетіндегі сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?