Экс-президент Сооронбай Жээнбеков отбасымен бірге Қырғызстаннан кетті. 24.kg ақпараттық
агенттігіне бұрынғы мемлекет басшысының ақпарат көздері растады-деп жазады 24.kg сайты
Жээнбековтің Ыстамбұлға бір күн бұрын «Манас» халықаралық әуежайынан ұшып келгені нақтыланған.
Естеріңізге сала кетейік, Сооронбай Жээнбеков 2020 жылдың 15 қазанында тәртіпсіздіктерге байланысты
отставкаға кетуге мәжбүр болған. Жуырда Сооронбай Жээнбеков бұрынғы вице-премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша куәлік беру үшін Бішкектің Бірінші Май аудандық сотына шақырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, Қазан оқиғаларына қатысушылар, Жээнбековті Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талап қойды.Олар экс-президенттің 5 қазандағы митингті күшпен тарату туралы бұйрық шығаруға құқығы жоқ деп санайды.

24.kg

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?