Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және УЖД 158/7 түзеу мекемесіндегі әріптестерімен бірлесіп, есірткі құралдарын УЖД 158/7 түзеу мекемесінің аумағына лақтырған адамды ұстау бойынша операция өткізді.

Таңертең колонияның негізгі қоршауы маңында болған белгісіз ер адам мекеме аумағына есірткі салынған металл контейнерді лақтырған. Ұсталған азамат Тараз қаласының 51 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

«Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297 — бабының 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, одан әрі тергеу іс-шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?