Түтінге тұншыққан қыздар құтқарылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы, төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 

Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Орал қаласы, Ақотау көшесі, 24/1 мекенжайында орналасқан 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, эвакуациялау барысында балалардың жылап жатқан дауыстары естілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар дереу пәтердің есігін бұзып, түтіннен қатты тұншығып жатқан балаларды далаға шығарып, жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Одан әрі өрт сөндіру қызметінің психологы балаларға психологиялық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметімен бірге көпбейінді балалар ауруханасына аттанды, балалардың ата-анасы да аурухана жедел жетіп, қыздарын құтқарған өрт сөндіру қызметінің барлық қызметкерлеріне Алғысын білдірді.

Батыс Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?