Жамбылдық полицейлер шаруаға жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында сағат 21:10 шамасында Шу ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз біреулердің аудан орталығынан 85 шақырымдық жерде орналасқан фермасынан 86 бас жылқы үйірін ұрлап айдап кеткендігі туралы арызданған. Осы оқиғаға байланысты Шу аудандық полиция бөлімімен екі жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті.

 

Кәсіби жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлермен барлық 86 жылқы әр түрлі аумақтардан табылып, иесіне жинап, қайтарылды. Қазіргі кезде мал шаруашылығының қожайыны жылқылардың ұрланып кетуіне байланысты шағымданбайтынын айтып, полиция қызметкерлеріне жылқыларын іздестірудегі жедел әрі кәсіби жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды жеке шаруашылығындағы малдарының қауіпсіздігіне бақылауды күшейтуге, жайылымдарда малды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ оны бағуды бейтаныс адамдарға сеніп тапсырмауға шақырады

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?