Түркістан облысының полицейлері жер алып беремін деп алаяқтық жасаған әйелді ұстады-деп хабарлады, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, алаяққа алданып қалғанын жеткізген. Яғни жәбірленуші әйелдің айтуынша, өзіне таныс әйел 15 соттықтан 2 жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Осылайша, алдау жолымен 2020 жылдың тамыз айында оның 1 миллионға жуық ақшасын алған. Алайда осы күнге дейін не жер алып бермеген не ақшасын қайтармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Жедел-тергеу тобы арызданушы әйелдің жауабына сәйкес шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны АПБ-не жеткізді. Ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты.

Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы тұрғынның ақшасын алғанын мойындады. Заңсыз әрекет жасау үшін алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез келген адамға сенбеңіздер деп ескертеді. Мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға дағдыланыңыздар. Қандай да бір алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?