Aqbota Sizdikova ның  фейсбук әлеуметтік желісінде, +7775 700 00 11 нөмірде сөйлескен, Қызылорда облысы, Шиелі ауданын әкімі  Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлының  сұхбаты жарияланды-деп жазады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі.

    «02.02.2021ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (бұдан әрі — Агенттік) Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны А.Сыздыкова арызданып, онда 2020 жылдың мамыр-маусым аралығында Шиелі ауданының әкімі Қ.Мубараков Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округінің бұрынғы әкімі Б.Райымбековты қайта лауазымға тағайындау үшін өзі арқылы жалпы соммасы 3 000 000 теңге пара алғанын көрсеткен.Аталған дерек Агенттікпен 05.02.2021 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне №21000131000012 реттік санымен тіркеліп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куә ретінде сұралған А.Сыздыкова өз жауабында Шиелі ауданының әкімі Қ.Мубараков өзінің делдалдығы арқылы Шиелі ауданы, Қарғалы ауылдық округінің бұрынғы әкімі Б.Райымбековты қайта лауазымға тағайындау үшін жалпы соммасы 3 000 000 теңгені пара ретінде алып, оның 500 000 теңгесін өзіне еңбегі үшін бергенін және қалған 2 500 000 теңгесін өзі иеленіп алғанын. Алайда, Қ.Мубараков өзінің уәдесін орындай алмай, 26.01.2021ж. пара ретінде алған 2 500 000 теңгесінің бір бөлігін, яғни 500 000 теңгесін өзінің көмекшісі Е.Оспанов арқылы Б.Райымбековке қайтару үшін қайтарып бергенін. Аталған ақшаның үстіне өзіне еңбегі үшін берілген 500 000 теңгені қосып, сол күні Б.Райымбековке жалпы 1 000 000 теңгені қайтарғанын. Сонымен қатар, 27.01.2021ж. сағат 19:30 шамасында Қ.Мубараков пара ретінде алған 2 500 000 теңгесінің тағы да бір бөлігін, яғни 1 040 000 теңгесін көмекшісі Е.Оспанов арқылы қайтарғанын көрсеткен. Осыдан соң, 05.02.2021ж. Қ.Мубараковтың параның қалған бөлігі, яғни 1 000 000 теңгесін көмекшісі Е.Оспанов арқылы А.Сыздыковаға қайтару барысы жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы құжаттандырылған. Бұдан бөлек, 05.02.2021ж. пара ретінде берілген ақшаның 500 000 теңгесін Б.Райымбековке А.Сыздыкованың қайтару барысы да жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы құжаттандырылған. 06.02.2021ж. жоғарыда көрсетілген 500 000 теңге ақша Б.Райымбековтың үйіне тінту жүргізу барысында табылып, айғақ зат ретінде алынған. Арызданушы А.Сыздыкованың өз еркімен ұсынуымен Қ.Мубараковтың пара ретінде алып, кейін қайтарған ақшасынан қалған 1 540 000 теңгесі айғақ зат ретінде алынған. Іс бойынша қорғалуға құқығы бар куә ретінде сұралған Б.Райымбеков пен Е.Оспанов куә А.Сыздыкованың жауабын толық қуаттап, бірмазмұндас жауап берген. Қазіргі уақытта Шиелі ауданының әкімі Қ.Мубараков ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігімен күдікті ретінде танылып, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде,,Нақты ақпарат!!!!!!.»- деп жариялады  Aqbota Sizdikova өзінің фейсбук  парақшасында.
2020- жылдың 29- ақпанында қызметке әкім болып тағайындалған Мүбараков Қамбарбек Амангелдіұлы кімдермен сыбайласып жатыр, шыныменде тағайындалғанына 1 жыл толмай тығырыққа тірелдіме?
Әкіммен сұхбаттасу мүмкіндігі қазіргі таңда мүмкін болмай тұр.
Қызылорда облысы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?