Жеткеншекте жер асты суы көтеріліп үйлерге зақым келді-деп  ақпарат тарқатады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
 
Шолаққорғандағы Жеткеншек ауылында жер асты суы көтеріліп, түрғындардың үйлерінің қабырғалары ажырап, тіпті үйлерінің жартысы құлап қалды. Бұл туралы 23-ақпан күні, Созақ ауданының Жеткеншек ауылы тұрғындары, бір топ аналар телефон арқылы редакциямызға хабарлап, дабыл қаққан болатын. Біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің журналистері лезде Созақ ауданына барып, ақпаратты көріп, халықпен тілдескен болатын. 

«Үйлеріміз құлауға шақ тұр, қабырғалары ажырап, тіпті құлап қалған үйлерде болды. Ауылда ауыз су жоқ, жол батпақ, жедел жәрдем келеалмайды, интернет желісі туралы айтпасада болады. Біз осындай өмір сүріп жатырмыз, халық ашулы»-деген Жеткеншек ауылының тұрғындары барынша түн ортасында лай көшелерді аралап, үйлерін көрсетті. «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі өкілдері әлеуметтік желі арқылы бейнежазбамен халық үндеуін жариялаған сәтте, Түнгі сағат 00:18 де аудан әкімі, ауыл тұрғындары жиналған жерге жетіп келді.

«Халықты сен жинадың білдіңба?»- деп, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің бас редакторына ашуын көрсетті.

Сол түн ортасында халықпен батпақ көшелермен жүріп, халықпен бірге ауылдағы үйлерді аралаған аудан әкімі Салыхан Полатов, көшеге жиналып тұрған ауыл тұрғындарымен тілдесті. Сұхбаттасып тұрған сәтте, Жеткеншек ауылындағы ананың есінен танып, құлағанына күә болдық.

Тез арада жедел жәрдем көмегіне жүгініп, жедел жәрдем көлігінің ауылда батпаққа батып, шыға алмай қалғаныда халықты ашу-ызасын туғызды.
«Созақтағы Жеткеншек ауылында үйлер құлап, қабырғалары жарылып жатыр тұрғындардың»- деген ақпараттан соң, Түркістан облысы әкімі орынбасары Сәкен Қалқаманов түнгі сағат 04:00 шамасында Созақ ауданындағы Жеткеншек ауылына жетіп келіп, аталған ақпараттарды өз бақылауына алып, ауылды аралап көрді.

 
Қазіргі таңда ауылда ешқандай төтенше жағдайлар жағдайына байланысты апат салдары жоқ. Барлығы бір қалыпта екендігі анықталып, бұл мәселе жоғарғы лауазымды билік өкілдері өз бақылауына алғандығы және шығын келген үйлерге арнайы комиссия келіп, келтірілген шығындарды анықтайтын болатыны аталып өтті.
(Жалғасы бар)
Түркістан облысы, Созақ ауданы.
 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?