Жеткіншектегі жағдай жоғарыдан толық бақылауға алынған. 23-24-ақпан ға қараған түнде халықтың қаққан дабылы бойынша, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі халықтың жанайқайын жариялап, билікке жеткізуге тырысқан болатын. Сол түні төрттің шамасында, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен облыс әкімі орынбасары  Сакен Қалқаманов Жеткіншек елдімекеніне арнайы келген болатын. облыс әкімі орынбасары, аудан әкімі және жергілікті билік басшылығымен шұғыл жиналыс өтіп, ТЖД, аудан әкімдігінің мамандары қазіргі таңда Жеткіншек елді мекенінде штаб құрылған.  Жеткіншек елді мекенінде топан су алуы қауіпі жоқ, халыққа қауіп-қатер төнбегені туралы ақпаратты баяндап, өздері көз жеткізген болатын. Созақ ауданының Жеткіншек елді мекенінде, жер асты суының көтеріліп кеткені салдарынан тұрғындардың бірінің үйі құлап, кейбіреулерінің үйлерінің қабырғаларына жарық пайда бола бастаған. Ішетін ауыз сулары мен жүретін жолдарында қиындықтар туғаны туралы айтылып мәселелер жарияланған еді. Қазіргі таңда елдімекенде, 6 мотопомпа қойылып су сору жұмыстарын жүргізуде. Ауылды су басудан аман алып қалу үшін экскаватормен 150 метр көлденең су қашыртқы арықтары қазылып, ауылға су кірмеу үшін суды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал сол елді мекендегі болған жағдай туралы 82 жастағы ақсақал өз пікірін бөлісті: 

«Жеткіншек елді мекенінде жер асты суының деңгейі көтерілуіне байланысты 1,1 шақырым дренаж қазылды. Тас жолдар төселіп, үй ауласына қиыршақ тас жайылды»-дейді Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 
Судың қай жақтан келіп жатқанын  анықтау мақсатында  екі зерттеу орталығы жұмылдырылған. Ал жер асты суларынан зақым келген үйлерге сараптама жүргізу үшін құрылыс компаниялары тартылғанын жергілікті билік баяндады.
«Жеткіншек ауылында 92 үй бар. Ауылдағы барлық үйдің ауласына су кірмеген. Шеткі 22 үйдің жер асты суының деңгейі көтерілген. Ал үйлерді арнайы мамандар бағалап тексереді»-дейді Түркістан облысы ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.
 
 
Шолаққорған ауылдық округі әкімі Елібаев Әділ Камалұлы ауылдағы жағдайды баяндады:

 
 
Шолаққорған ауылы Жеткіншек елді-мекеніндегі жерасты суының көтерілуінен соң, тұрғындардың құдықтардан ішетін сулары ластанғанына байланысты жергілікті билік тарапынан күніне екі мезгіл  арнайы көлікпен таза ауыз сулар жеткіліп беріліп отыр.
Жеткіншек елді мекеніне арнайы техникалар бөлініп, жер асты суы деңгейінің көтерілуі салдарынан бұзылған жолға қиыршақ тас төгіліп, жолдар ретке келтірілді.  Наразылығын білдірген ауыл тұрғындары өздерінің пікірлерін білдірген еді:

Жергілікті биліктің бұл жағдайға бейжай қарамай, аталған мәселені тез арада қолға алып, аудан басшылары тұрғындардың қауіпсіздігімен үйлеріне зиян келтірмеу мақсатында жасап жатқан жұмыстарынан ішіміз жылынып отыр, тек қана атқарылып жатқан жұмыстар жарты жолда қалып кетпесе екен- деп, жергілікті тұрғын өз ниетін білдірді:

Бүгіңгі таңда үйі құлап қалған бір отбасы уақытша пәтермен қамтамасыз етіліп, зиян келген үйлерді арнайы мамандар тексеруден өтікізіп, дұрыс деп тапас, келтірілген шығындарды төлеуі мүмкін екендігі мәлім болды. Зиян келген үйлерге төленетін өтемақы, немесе қалпына келтіретіні туралы ресми ақпаратты тек комиссияның шешімін күтіп, тұрғындардың үйлеріне қатысты нақты ақпаратты білетін боламыз.

Түркістан облысы, Созақ ауданы.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?