Аймақ басшысы өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына барды-деп жазады Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өрт салдарынан нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына барып, көңіл айтты.
— Орын алған қайғының орнын толтыру мүмкін емес. Жалпы Сыр елі үшін бұл ауыр қаза болды. Көзге көрінген балаларымыз аман болсын! Періштенің жаны жәнәттә, топырағы торқа болсын!, — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Қорлардың демеушілігімен жиналған қаржыға өрт салдарынан зардап шеккен Текебаевтар отбасына Арай мөлтек ауданынан 6 бөлмелі жаңа жер үй берілді. Аймақ басшысы үй иелерін жаңа баспанамен құттықтап, тұрмысқа қажетті сыйлықтар табыс етті.
Еске салайық, 2021 жылдың 18 ақпанында Әл-Фараби мөлтек ауданы 13 көшесі, 11-ші үйде өрт оқиғасы орын алды. Аталған мекен-жайға шұғыл жеткен өрт сөндіру бөлімінен 3 техника 16 қызметкер жұмылдырып, толық өшірілді.
Өрт салдарынан 2020 жылы туылған Төреханқызы Ардақ есімді нәресте қайтыс болды.
Сонымен қатар, анасы 1993 жылы туылған Тоқбергенова Дамира1- ші дәрежелі көмір қышқыл газына улану және сол жақ білектің және 2 алақанының термиялық күйік шалу нақтамасымен қалалық ауруханаға жатқызылды. Бүгінгі күні жағдайы қалыпты деңгейде.
Зардап шеккен көпбалалы отбасы әкімдік тарапынан, кәсіпкерлердің қолдауымен 1 айға жететін азық – түлік, мектеп құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
Қызыорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?