«L-Капитал» компаниясының негізін қалаушысын Алматы полициясы ұстады-деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов

Алматы қаласы ПД Тергеу Басқармасының мәліметтері бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туылған И.есімді азаматша ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бабына сәйкес ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы ПД ТБ салымшылардың ұжымдық мәлімдемелеріне сәйкес, ҚР ҚК-нің 217 бабы 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздеулер жүргізілді. Толықтылық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 50 адам жәбірленуші ретінде өтіп жатыр », — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Рүстем Абдрахманов.

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?