Полиция үшінші қабаттан секірмек болған азаматты анықтады-деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.

16 ақпан күні сағат 15:17 шамасында 102 операторына қала тұрғыны қоңырау шалып, Алмагүл мөлтек ауданында орналасқан құрылыс нысанының 3 қабатында белгісіз азамат айқайлап тұрғандығын және ол адамның мас күйінде болуы немесе құлап кетуі мүмкін екендігін айтып, хабарлама берген.
Хабарламаны тексеру кезінде, учаскелік полиция инспекторларымен 39 жастағы Мақат ауданының тұрғыны екендігі анықталды. Наркологиялық сараптамадан өткізіліп, нәтижесінде аталған азаматтың спирттік ішімдік ішпегендігі белгілі болды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен (Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) әкімшілік хаттама толтырылды.
Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады.

Атырау облысы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?