2021 жылдың 16 ақпанында Тараз қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, түн жарымында белгісіз тұлғаның 60 000 теңге тұратын панелді қара түсті «Pioner» маркалы магнитоласын көліктен жасырын ұрлап кеткені жөнінде жүгінген. Бұл дерек көлік тұраққа қойылған шағын аудандардың бірінің ауласында орын алды.

Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

17.02.2021 жылы Тараз қ.ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше рет осындай қылмыс жасаған 26 жастағы рецидивист ұрыны анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды өз мүлкінің сақталуына қатысты бақылауды күшейтуге, жеке бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және қырағы болуға шақырады.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды өз мүлкінің сақталуына бақылауды күшейтуге, жеке бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға және қырағы болуға шақырады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?