Қазақстандық әскери қызметшілер шетелдік бронды машиналарды сынақтан өткізуде-деп хабарлады  Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қарулы Күштердің қару-жарақ пен әскери техниканың халықаралық нарығын зерттеу аясында қазақстандық сарапшылар ARMA-8×8 түрік бронды машинасының мүмкіндіктерін бағалады.

Қарағанды гарнизонындағы «Спасск» оқу-жаттығу полигонында NEFER жауынгерлік үлгідегі ARMA-8×8 брондалған дөңгелекті машинаның мүмкіндігі көрсетілді.

Көліктің жауынгерлік мүмкіндіктері мен борттағы қару-жарағы тәуліктің түрлі мезгілінде сынақтан өткізілді.

Өндірушінің мәліметіне сүйенсек, бұл NEFER (7,62 мм қосарланған оқшашармен 30 мм 2А42 автоматты зеңбірегі) әскери машинасын Қазақстан әскері пайдалану үшін арнайы әзірлеген.

Ол түнгі уақытта көздеу кешені мен жылуға ден қоюшы камераны қолдана отырып, атыс жүргізеді. Бұл айқын көрініс пен мақсатты дәлдеп зақымдауды қамтамасыз етеді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?