Шымкент қаласы бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік басқару пультіне 2021 жылғы 24 ақпанда сағат 21:28-де Абай ауданы, Құрсай м/а 283 орам, Жаңақұрылыс н/з мекенжайда газ-ауа қоспасының (табиғи газ) тарсылы орын алғандығы туралы хабар келіп түскен. Оқиға осы мекенжайдағы көлемі 120 ш.м. жеке тұрғын үйде орын алған. Өрт орын алған жоқ.
Салдарынан үйдің 30 ш.м. қабырғасы қирап құлаған. Оқиғадан үйдің егесі 1980 ж.т. ер азамат, оның әйелі 1984 ж.т. азаматша және туысы 2001 ж.т. азаматша зардап шегіп, қалалық ауруханаға жатқызылды. Барлық зардап шеккендерге диагноз қойылды: бет пен аяқ-қол бетінің 10% — дан кем 1,2,3 дәрежелі жалынның термиялық күйігі). Оқиғаға орнында көшпелі брифинг ұйымдастырылып, іс-шараға республикалық «Хабар 24», «КТК», «31 арна», «1 арнаЕуразия», жергілікті «Айғақ», «Отырар», «Оңтүстік» телеарналары ақпараттық қолдау көрсетті.
Бас спикер болып Шымкент қ.ТЖД бастығының міндетін уақытша орындаушы азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаев сөз сөйледі. Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖ департаментінен жеке құрамында 20 адам және 4 техника, Апаттар медицина орталығы филиалының 1 бригадасы, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері жұмылдырылды. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері анықталуда. Құзырлы органдар тиісті жұмыс атқаруда-деп жазады Шымкент қаласының ТЖД қоғаммен байланыс тобы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?