Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Бас прокуратурасының фейк қаулысы таратылуда. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді.
Қазақстандықтар Ресейде есепке қойылған машиналардың иелеріне ҚР аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салатын құжаттың суретімен бөлісуде. ҚР Бас прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Желіде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулысы туралы ақпарат таратылуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған. Арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенулеріңізді сұраймыз», – делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми хабарламасында.
Фейк фотосуретке мұқият қарағанда, онда орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжаттың ҚР ІІМ ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде ондай ештеңе жоқ.
Фейкті жасаған адам негізге алып отырған «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңда 60-бап жоқ – олардың саны 25 қана.
Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қателер көп.
Ресми ақпаратқа ғана сенуге және фейк хабарламалар таратпауға шақырамыз.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?