Қызылорда облысының Шиелі ауданында 2020- жылдың қыркүйек айынан өз жұмысын бастаған «Шиелі аналары» қоғамдық қоры, аз уақыттың ішінде аудандағы аналардың жағдайын жақсарту мақсатында,  аз қамтамасыз етілген, жалғыз басты және көпбалалы аналардың кем-кетігін түгендеп, аудандық деңгейде қаншама отбасына қол ұшын беріп үлгерген.
Бізде Шиелі аналары әкімдік табалдырығын тоздырмайды. Себебі, барлық мұқтаж ана, бүкіл Шиелі ауданы бойынша біздің қорға келіп, мұң-мұқтажын айтады. Біз осы қордың ішінде отырып, өзіміздің қордың аясында шешеміз. Егер шешеалмайтындай жағдай болып жатса, онда біз өзіміз әкімдікке барып, барынша шешуге ықпал жасаймыз. Аналардың қазіргі таңда, ешқандай, осы Шиелі ауданы әкімдігіне барып есігін сындырып кіру, айқай шығару, біздің ауданда, 2020- жылы, қыркүйек айынан бастап, біздің қор ашылғалы бері, ешқандай келеңсіз жағдай орын алып жатқан жоқ-дейді «Шиелі аналары» қорының еріктісі  Айгуль Баймұрзаева

 Айгуль Баймұрзаева-«Шиелі аналары» қоғамдық қорының еріктісі

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні,  халықаралық әйелдер күніне орай, Шиелі ауданы әкімдігінде аудан әкімнің орынбасары Алмасбек Есмахановтың қатысуымен аудандағы аналарға сый-құрмет көрсетіліп гул шоқтар, мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталды.
Сол күні мерекелік шаралар қарсаңында, Шиелі аудандық мәдениет үйінде » КӨКТЕМ АРУ АНА » атты іс-шарасы өткізіліп, «Шиелі аналары» қоғамдық қоры аналарының ішінде  бес ана марапатталды.  Марапатты салтанатты жиынға келген аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов табыстады.
Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?