Қоғамдық қор қоғамда құрбосқа қарап жүрген жоқ. «Шиелі аналары» қоғамдық қоры, Қызылорда облысының Шиелі ауданында, ағымдағы жылдың  12- наурыз күні,  мектеп оқушылары арасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты онлайн байқау жариялап, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін  атап өтті.  Байқау, Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен «Шиелі аналары» қоғамдық қоры тарапынан  ұйымдастырылды.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арнап, біз онлайн байқау өткізген болатынбыз. Біздің мақсатымыз, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай және жасөспірім балалардың, үздік ақындарымыздың осындай ереулі, ақиқық ақынымыздың  жазбалары есте қалсын деген мақсатта онлайн байқау жүргізген болатынбыз. Бүгін міне осы байқаудың жеңімпаздарын анықтап, марапаттайтын боламыз- деді, «Шиелі аналары»  қоғамдық қорының төрайымы Гулзинат Сағындықова.

Байқауды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып беріп , жеңімпаз оқушыларды өз қолымен марапаттады.
Байқауға қатысқан талапкерлер екі бағыт бойынша бағаланды. Бірінші бағытында 5-9 жас аралығында, екінші бағытында 10-15 жас аралығында қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталды.
Үміткерлер Мұқағали ақынның бір өлеңін оқып, әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Онлайн байқауда жеңімпаздар халықтың, оқушылардың арасында, әлеуметтік желі арқылы берген дауыстары арқылы айқындалды.
Байқау қорытындысы бойынша, жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.  1-, 2-, 3- орындарды 6 қатысушы иеленді, ал бас жүлде жеңімпазы планшетпен марапатталды. Қалған қатысушылар құрқол қайтарылмай, ынталандыру сыйлығы және алғыс хаттар табысталды.
Өткен іс-шара, қазіргі таңда елімізде болып жатқан карантин тәртібін сақтауына байланысты кішкене шектеулермен өткізілді. Алайда байқау нәтижесінің марапаттау рәсіміне келген оқушылармен ата-аналары аудан басшысы мен «Шиелі аналары» қоғамдық қорына өздерінің рахметтерін айтып, көктемгі көңіл күймен тарқады.
Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?