«Шин-Лайн» компаниясы Алматы облысында азық-түлік және балмұздақ шығаратын ең ірі кәсіпорынның құрылысына 33,4 млрд теңге инвестициялайды. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады.

Талдықорған, 10 Наурыз 2021. Бүгін қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясы мен Алматы облысының әкімдігі Алматы облысының Байсерке ауылында азық-түлік және балмұздақ өндіретін кәсіпорындар кешенін салуды және «Даму» логистикалық орталығының өндіріске іргелес аумағын аббатандыруды көздейтін ірі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында ҚР индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ) механизмдерін тиімді қолдану туралы меморандумға қол қойды.


Жаңа өндіріс кешені ТМД, Шығыс Еуропа және Орталық Азия мемлекеттеріндегі ең ірі және инновациялық балмұздақ фабрикасын, сондай-ақ әр түрлі азық-түлік шығаратын кәсіпорындарды қамтиды. Құрылыстың бірінші кезеңінің жобалық қуаты жылына 21 500 тонна өнімді құрайды, 2024 жылға қарай кәсіпорын тәулігіне 350 тонна өнім шығарады. Жобаның жалпы құны 33,4 млрд теңгені құрайды. Кешеннің құрылысы 17 гектар аумақта жүзеге асырылады. Аймақтың ең заманауи балмұздақ өндірісі осында шоғырланады, сондай-ақ мұнда сүт өнімдері, мұздатылған жартылай дайын өнімдер, қамыр, әр алуан кеспе түрлерінің өндірісі ұйымдастырылады.
«Шин-Лайн» компаниясы мен Алматы облысының әкімдігі жаңа өндірістік кешен салу жобасын жүзеге асыруда ынтымақтастыққа, мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын тиімді жүзеге асыру үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға дайын екендіктерін білдірді. Алматы облысының әкімдігі кәсіпорынға мемлекеттік органдармен әрекеттесуді, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін қажетті консультациялық қолдау көрсетуді, сондай-ақ іске қосылған және болашақта жаңа өндіріс құрылысында пайдаланылатын жер ресурстарына және инженерлік инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Шин-Лайн» компаниясы өз тарапынан облыстық әкімдікке құрылыстың барысы туралы ақпарат беруді, өндірісті қаржылық және стратегиялық дамыту бойынша іс-шаралар жоспарлауды және мемлекеттік органдармен қажетті әрекеттестік ұйымдастыруды өз мойнына алады.
Меморандумға қол қою барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов азық-түлік өндірудің стратегиялық саласында жаңа отандық ірі инвестордың пайда болуын құптап, өңірде қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасқанын атап өтті: «Бүгінгі таңда Алматы облысының инвестициялық портфелінде 44 мың жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5,4 трлн теңгені құрайтын 546 жоба бар. Біз ірі ұлтаралық компаниялармен де жұмыс істейміз. Бізде олармен бірлескен 9 жоба бар, оның 3-уі жүзеге асырылды. Біз балмұздақ және азық-түлік өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі болып табылатын «Шин-Лайн» компаниясымен ынтымақтастықты бастауға қуаныштымыз. Осындай ауқымды жобаны жүзеге асыру Іле өңірі мен жалпы аймақ экономикасына оң әсерін тигізеді. Өйткені, жаңа өндіріс дегеніміз — азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты жұмыс орындары, бюджетке салық түсімдері. Біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз. Біз өз тарапымыздан, соның ішінде сыртқы инженерлік желілерді төсеуге қажетті қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ, біз «Қорғас — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында логистикалық орталық ашуға көмектесе аламыз»».
Сонымен қатар, Алматы облысында ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында 373 кәсіпорын бар екендігі атап өтілді. Барлығы 2020 жылдың соңына таман 8% өсіммен 281,2 млрд.теңге көлемінде азық-түлік өндірілді.
«Шин-Лайн» компаниясының басшылығы мүлдем жаңа фабрика салуға саналы түрде шешім қабылдады, өйткені бұл тәсілдің қайта құрудан айырмашылығы – қолданыстағы кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты шектеулер қоймайды. Компания жаңа өндіріс орнында өндірістің, қауіпсіздік пен тиімділіктің үздік әлемдік стандарттарын іске асыру үшін бәрін жасауды жоспарлап отыр.
«Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Шин Алматы облысында жаңа өндіріс салудың жобасын жүзеге асыру өз саласындағы жетекші өндірушілердің біріне ірі отандық инвесторлардың қатарына кіруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Тек бір балмұздақ сегментінде ғана компания ішкі нарықтың 35% құрайды. Жаңа өндіріс орнын құру компанияның ішкі нарықтағы барлық тауарлық санаттағы позициясын нығайтуға және «Шин-Лайн» өнімдерін және сәйкесінше қазақстандық тауарларды экспорттық нарықтарда кең көлемде ұсыну үшін плацдарм жасауға мүмкіндік береді. Компания Орталық Азияның көптеген елдерінде көшбасшы орын алуға ниетті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Шин-Лайн» балмұздағы Беларуссияның жалпы балмұздақ импортының жартысынан астамын иеленді, компанияның қырғыз балмұздақ нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 50% -дан асты, компания өнімдері Әзірбайжанда, Ресейде, Моңғолияда және Қытайда танымал. Алдағы жоспарлары — «Шин-Лайн» әлі ұсынылмаған жаңа нарықтарға, мысалы, украин нарығына шығу.
— Біздің басты ресурсымыз – бұл үлкен және кәсіби команда, — деп «Шин-Лайн» компаниясының президенті Андрей Шин атап өтті. – Біз күрделі және креативті өнімдермен жұмыс істеу тәжірибесі мол, Ресей, Балтық және Шығыс Еуропа елдеріндегі индустрияның көшбасшы компанияларында жұмыс тәжірибесі бар мамандарды тартамыз. Қызметкерлердің кәсіби дамуына көп күш жұмсаймыз.
2025 жылға қарай «Шин-Лайн» компаниялар тобында шамамен 2 500 жаңа жұмыс орны құрылады, барлық мамандықтардағы қызметкерлердің саны өседі, оның ішінде инженерлік персонал, технологтар, талдаушылар, маркетологтар және IT-мамандары. Компания ішінде кадрлар даярлауға көп көңіл бөлінеді, «Шин-Лайн»-да практикадан өткен жоғарғы оқу орындарының студенттері диплом алғаннан кейін компанияда жұмыс істеуге қалып, кәсіби өсуге жақсы мүмкіндіктер алады.

Алматы облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?