«Қызылорда жылу электр орталығы» МКК бойынша, Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ресми ақпарат берді.

16 наурыз 2021 жылы сағ:20-42 «KEGOK» АҚ-ның 220 кВ электр желісінде кернеудің төмендеуінен электр энергияның өшірілуі орын алды.
Соның салдарынан Қызылорда қаласы және 5 аудан тұтынушылары электр энергиясынан ажыратылды.

Сонымен бірге Қызылорда ЖЭО-ы қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Соның ішінде Қызылорда ЖЭО-да бу қазандығының қорғаныс құрылғысы іске қосылып, артық буды атмосфераға тастау қызметі туындады. Кәсіпорынның негізгі қондырғыларында ешқандай ақау орын алған жоқ.

Қазіргі таңда, «KEGOK» АҚ-ы Қызылорда қаласын электрмен жабдықтау үшін электр желісінде кернеулерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

17 наурыз сағ:00.30 — да Қызылорда ЖЭО-на қарасты барлық қазандықтар іске қосылып, жылу желілерінің гидравликалық және температуралық режимі қалпына келтіруде.

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?