Қызылордада 4 полиция қызметкері ер адамды өлтірген-деп, aikyn.kz  Тексеру кезінде полиция қызметкерлерінің ер адамның денсаулығына ауыр зақым келтіргені, соның салдарынан ол қайтыс болғаны дәлелденді. Сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ.

Қызылордада ер адамды ұрып-соғып өлтірген 4 полиция қызметкері сотталды ,– деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Белгілі болғандай, қылмыс 2019 жылы шілдеде болған. Алайда полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс 2020 жылы қыркүйекте қозғалған. 2 тәртіп сақшысы жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқан. Жүргізуші полицейлермен сөзге кеп қалған. Көліктен тұспеген ер адамды өз дегендеріне көндіру үшін тәртіп сақшылары әріптестерін көмекке шақырған. Полицейлер 43 жастағы ер адамды көліктен шығуға мәжбүрлеген. Бір кезде ол өзін нашар сезініп, жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Тексеру кезінде полиция қызметкерлерінің ер адамның денсаулығына ауыр зақым келтіргені, соның салдарынан ол қайтыс болғаны дәлелденді. Сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ.

«Сот үкіміне сәйкес, екі полиция қызметкері 9 жылға, үшіншісі 7 жылға, төртіншісі 6 жылға сотталды. Сонымен қатар олар 10 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан, әскери атақ пен марапаттарынан айырылды. Сондай-ақ сот оларды жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге төлеуге міндеттеді»,– деді №2 қалалық сот судьясы Жұлдыз Жакеева.

aikyn.kz

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?