2016 жылдан бастап, Қазақстанда Республика Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 173 Жарлығымен бекітілген жаңа мейрам – Алғыс айту күні пайда болды. Дәл осы құжатпен осы күнді ресми түрде жыл сайын мерекелеу күні – 1 наурыз бекітілді.

Осы күнді тағайындау бастамасымен Қазақстан Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев өзі шықты. 2015 жылғы сәуір айында Қазақстан халқы ассамблеясының 22-ші сессиясында сөз сөйлегенде, оның 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде ол Республикада Алғыс айту күнін атауды ұсынды.

Осы мереке қарсаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қоғамдық қайраткерлер мен М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушыларын шақырумен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Іс-шараның қонақтары М. Х. Дулати атындағы ТарМУ жанындағы Әулие-Ата Қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Айгүл Қабиқызы Қабиева және М. Х. Дулати атындағы ТарМУ «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі философия ғылымдарының кандидаты, доцент Парида Иманжанқызы Мамедова болды.

Іс-шараға Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Өрт сөндіру қызметінің және Жедел-құтқару жасағының жас қызметкерлері қатысты.

«Дөңгелек үстел» өткізу барысында іс-шара қонақтары бүгінгі таңда елімізде көптеген этномәдени бірлестіктер бар екенін айтты. Қазақстан олар үшін нағыз үй болды, және бұл мереке-бұл барлық этностардың бір-біріне, әсіресе осы адамдарды туған-туысқандары ретінде қабылдаған қазақ халқына деген құрмет пен алғыс білдіру. Қонақтардың сөз сөйлеуі слайдтық презентациямен және тақырып бойынша бейнероликтермен сүйемелденді.

Іс-шара соңында қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға және дәріскерлерге Алғыс күнін атап өту бойынша кең ақпарат бергені үшін үлкен алғыстарын білдірді, ал шақырылған қонақтар өз кезегінде құтқарушыларға адам өмірін құтқаруға бағытталған игі еңбегі үшін алғыстарын білдірді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?