Алматыда Грузиядан келген «ұры» ұсталды-деп жариялады, Алматы қаласы полиция департаменті.
Жедел іс-шаралар барысында Алмалы ауданының полицейлері қоғамдық орындарда қалта ұрлығымен айналысқан ер адамды ұстады. Бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған 1985 жылы туған Грузияның К.есімді азаматы, Алматыға қылмыстық іс-әрекеттер арқылы жеке баюы үшін келген.
«Ол хостелдерде бөлмелерді жалға алып, ол жерде екі күннен артық тұрмаған. Ол адамдар көп шоғырланған жерлерде жалғыз өзі жүрген: сауда орталықтарында, бизнес орталықтарында, дүкендерде және т.б. Күдікті барлық қалта ұрылары сияқты ептілікпен және жәбірленушілерге байқатпай қалталарына немесе сөмкелеріне бағалы заттарды алу үшін қолын сұққан. Қазіргі уақытта ұсталған адамның бөтеннің мүлкін ұрлауының 3 эпизоды дәлелденді. Олардың көп болуы мүмкін деп ойлаймыз, оның басқа да мүліктік құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Шетелдікке қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы — ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр », — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?