Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қой сатты деген күдікке ілінді-деп хабарлайды, Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 2021 жылдың 15 наурызында Байзақ ауданының полиция бөліміне Тараз қаласының тұрғыны фазендадан ірі қара және ұсақ малдардың жоғалғаны  туралы арызданған.  2020 жылдың қараша айынан бастап  малдар   шопанның бағуымен  Байзақ ауданындағы жайылымда  болған.  12 наурызда ол фазендаға келіп, 61 жылқы мен 169 қойдың жоқ екенін көрді.  Жәбірленушіге  келтірілген залал  36 миллион 680 мың теңгені  құрайды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  189-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары  басталды. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы қарастырылған.

Полиция қызметкерлерімен өз кінәсін толық  мойындаған 40 жастағы  шопан  ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?