Ауа-райының қолайсыздығынан орын алған жол-көлік оқиғасы 10 көлікке зиян келтірді. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 29- наурызында, 19 км. «Ленин-Ертіс» тас жолында жол көлік апаты орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «Ребровка» ауылында, табиғаттағы қолайсыз ауа-райы салдарынан 3 жүк көлігі, 7 жеңіл автокөлігі соқтығысқан.

-Апат салдарынан түрлі гематомалары бар 3 адам, Павлодар қаласындағы ауруханасына медициналық көмекке жүгінді, — деді Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Павлодар облысының Ақсу қаласы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдай қызметкерлері, болған оқиғаны анықтап, көлік құралдарын бөлшектеу және зардап шеккендерді көліктерден эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп, мән-жайлар анықталуда.

Павлодар облысы


Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?