Алматы полициясы ірі есірткі зертханасын жойды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
Оған 1996 және 1997 жылы туған екі ер адам қожайын болды. Зертхана Алматы қаласының Медеу ауданындағы бау-бақша қоғамының аумағында көрінбейтін жеке үйде жұмыс істеді.

«Үйді рұқсат етілген тексеру кезінде «мефедрон» синтетикалық психотроптық затты өндіруде қолданған ұнтақ және кесек түріндегі заттар, химиялық заттар салынған пластикалық ыдыстар, сұйықтықтары бар зертханалық шыны колбалар, электронды таразы және басқа да заттар табылды және іс жүргізу тәртібінде тәркіленді. Күдіктілердің есірткіге арналған компоненттерді Ресей Федерациясынан көлік-логистикалық компанияның қызметі арқылы алғаны анықталды », — деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Алмағамбетов.
Тәркіленген заттарға, оның ішінде 3 кг кептірілген түрінде және тағы 10 кг сатуға дайындалған, сот-химиялық сараптама тағайындалды.
«Күдіктілердің әрекеті ҚР ҚК-нің 297 бабы бойынша тіркелді. Олар өздерінің кінәларын толығымен мойындап, өндірілген тауарлар, әдетте, Медеу, Бостандық және Наурызбай аудандарының аумағында «бетбелгілер» арқылы сатылатындығын қосып айтты. Ұсталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың жеке басы басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріледі », — деп түйіндеді, подполковник Алмағамбетов.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?