Ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды-деп хабарлады Павлодар облысын полиция департаментінің баспасөз қызметі.
— 2021 жылғы 28 наурызда Павлодар қаласындағы Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында қоқыс контейнерінің жанында зорлық-зомбылық белгілері бар 38 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 50 жастағы әйел ұсталды, — деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды.
Осы қылмысты жасаудың мән-жайлары мен шарттары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталатын болады.
Павлодар облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?