Тараздың дәрігерлерін көріпкелме деп жаға ұстайсың кейде.  Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 31 — наурызында, «Судья- сауатсызба, соқырма?»— атты ақпаратты жариялаған болатынбыз.  Бір шешімінде 50 ден астам қате жіберген судья және оның, Жуалы ауданы ауруханасындағы экс-бас дәрігері Алпысбай Батиханды жұмысынан босату туралы сот ісін қарап, 3 сағат жұмыста болмады деген шығар, басқарманың бағытын  қолдап, дәрігер Алпысбай Батиханды жұмысынан айырып, сот отырысына нүкте қойған болатын.  Мемлекетімізде пандемия уақтысында дәрігерлер тапшы деп отырып, ал 3 сағат жұмысқа келмеді деп жұмыстан қарасын біржола жоғалтуға көшкен сияқты тараздық басшылар. 

Ия, облыстан арнайы комиссия құрылып, Жуалы ауданы ауруханасына келеберіп, рефлекске айналыпта кеткен болар, тіпті  енді жіберілетін кемшіліктерді алдын  ала болжайтынға көшкен көрінеді, облыстан келетін «көріпкел» комиссия мүшелері.

 

Өзі сырқаттанып қалған дәрігердің дәрменсіздігін пайдаланғысы келген көкелер шығар, Жуалы ауданы ауруханасына комиссия жаңбырдай жауып, сылтаулары санаға қонбайтын, «қоқан-лоқы» көрсетіп жұмыс жүргізетін комиссия мүшелерінің кімдерден тұратынын тексеретін текті бір басшыны көру қиын сияқты

Дәрігер және қорғаушысының айтуынша, 23 қазан күні, комиссия 20-23 күнгі түске дейінгі құжаттарды және еңбекке жарамсыздық парағын тексерген, және  осы комиссияның шешімімен, Еңбек кодексінің 52- бабымен  жұмыстан босатқан. Ал сот отырысындағы 23- қазанда келген комиссия 26-28 қазандағы кемшіліктерді кімге сеніп баяндаған, әлде «көріпкелдігі» соттанда, заңнанда қауһарлыма?

 

Еңбек инспекциясының Жамбыл облысына еш керегі жоқ шығар егер ол мекеменің, тексеру нәтижелеріне,  сот сығалапта қарамаса…

Дәрігер Алпысбай Батиханның ашылған еңбек парағы заңды екенін Еңбек инспекциясы қолдағанын ескере кету керек.

(жалғасы бар)

Сардар Әбдіжақия

Жамбыл облысы

суреттің мақалаға қатысы жоқ

 

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?