Қазатомөнеркәсіп «Орталық» ӨК» ЖШС бойынша мәміле жасалғаны туралы хабарлады, KAZATOMPROM ресми сайты.

 

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Компания» немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ) кейінге қалдыру және қажетті үкіметтік рәсімдерден өту шарттарымен «Орталық» ӨК» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 49%-ын China General Nuclear Power Corporation (бұдан әрі – «CGNPC») еншілес кәсіпорнының пайдасына сатып алу-сату шартына қол қойылғаны туралы хабарлайды.

Бұған дейін хабарланғандай (Компанияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы және 2021 жылғы 16 наурыздағы баспасөз релиздерінде), Қазатомөнеркәсіп пен CGNPC арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдер шеңберінде тараптар Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан жылу бөлгіш құрамалар шығаратын зауыт («Үлбі-ЖБҚ») салу туралы уағдаласты. Бұл ретте CGNPC Үлбі-ЖБҚ өнімін сатып алуға кепілдік береді, ал Қазатомөнеркәсіп өзінің 100% еншілес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49%-ын CGNPC немесе оның үлестес компаниясының пайдасына сатуға келіседі (бұдан әрі – «Мәміле»).

2021 жылғы 22 сәуірде Мәміле бойынша сатып алу-сату шартына қол қойылып, тараптар төрт ірі халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі бағалаған құнға келісті. «Орталық» ӨК» ЖШС үлесінің 49% құны шамамен 435 млн АҚШ долларына бағаланып отыр.

Мәміле кейінге қалдыру шарттарын қамтиды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдардың мақұлдауынан өтуі тиіс, болжам бойынша ол 2021 жылдың 30 маусымына дейін аяқталмақ.

Мәміле аяқталғаннан кейін Қазатомөнеркәсіп өз үлесінің 51%-ын сақтап қалады, ал CGNPC немесе оның үлестес компаниясы «Орталық» ӨК» ЖШС-тегі қатысу үлесінің 49%-ын сатып алады, бұл ретте серіктестер уран сатып алуды осы кәсіпорындағы өзінің қатысу үлесіне барабар көлемде жүзеге асыратын болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?