Тараздық ұрылар Алматыда ұсталды Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов хабарлады.

31-37 жас аралығындағы бес ер адам бірқатар пәтер ұрлығын жасау үшін Тараз қаласынан келген. Алайда олардың жоспарларын полицейлер бұзды, топтың барлық мүшелерін заттай дәлелдемелерімен қылмыс үстінде ұстады.

«Біздің қызметкерлердің жақсы және тиімді жұмысының арқасында қаскөйлер шаһардағы «алғашқы ұрлықтан» кейін ұсталды. Олардың ұрлығының нысаны ақша, зергерлік бұйымдар, кішігірім жабдықтар болып табылады. Әдетте, ұрылардың бұл түрлері қысқа уақыт ішінде ондаған тұрғын үйді тонайды және қаладан кетеді. Сондықтан оларды гастролерлер деп атайды.Бірақ Алматыда біздің жедел уәкілдер олардың қылмыстық ниеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Тұтқындалғандардың барлығы бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталғанын атап өткен жөн. Алматыға олар «Мерседес W140» автокөлігімен келген, жалдамалы пәтерде тұрған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188 бабы, 3 бөлімі — тұрғын үйге кіріп кету арқылы жасалған ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Руслан Смағұлов.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?