Алматы Арбатында жүрген қаскөйлер тобы ұсталды- деп хабарлады, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Алматылық полицейлер қала орталығында жүрген бір топ ер адамды әшкереледі және ұстады. Оны 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарды. Қаскөйлердің бірнеше тонау жасағандығы анықталды.

«Айыпталушылар қараңғыда, өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып, кейін қаланың әртүрлі ломбардтарында сатқан. Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Біз көрсетілген алаңдағы криминалдық полиция бөлімшесінің жұмысын, бірнеше күн ішінде жасалған екі ұқсас қылмысты талдау арқылы күшейттік. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз: мүмкін тоналған адамдар қандай-да бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі де мүмкін. Қылмыстың қаруы — пышақ тәркіленді », — деп хабарлады, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 191 бабы, 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарлауға шақырады: 8-702-430-02-22; 8-778-620-82-16 және 8-775-774-44-41.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?