Бүгін, Шымкент қаласында әзірге тіркелмеген «El Tiregi» партиясының Шымкент қаласындағы филиалының ашылу салтанаты болып, іс-шараға Қазақстан Республикасының ардагерлер одағы төрағасы Мұрат Мұхаммеджанов (Тәжік-Ауған  шекарасындағы әскери қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылар), қоғам қайраткерлері, қоғамдық қорлар өкілдері қатысты.  Жаңадан лентасы қиылған партия филиалының  тұсауы  кесіліп:

-Қайырлы таң, құрметті достар, жерлестер! Сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын! Бүгін, берекелі бейсенбіде, партиямыздың тарихында айтулы әрі маңызды күн: бүгін партиямыздың бірінші облыстық филиалын ашқалы отырмыз. Алғашқы филиал осы аймақта ашылуы бекер емес. Себебі, бұл менің кіші Отаным, кіндік қаным туған өлке және ең көп халық  қоныстанған аймақ. Партияға деген қолдау дәл осы оңтүстік өңірінен көп болатындығына менің сенімім мол деді, партия жетекшісі Альтаев Нұржан Бауыржанұлы. 

«El Tiregi» партиясының  ашылу салтанатында,  Қазақстан Республикасының ардагерлер одағы төрағасы Мұрат Мұхаммеджанов, ардагерлерді түрлі силықтармен марапаттады.

Біздің партия салыстырмалы түрде жаңа әрі жас. Біз тіркеуге құжаттарды 7 рет тапсырдық, бірақ бізді әртүрлі ойдан шығарылған себептермен әлі күнге дейін тіркеуден бас тартуда. Менің ойымша бұл біздің дұрыс бағытта жұмыс жасауымыздың ең жарқын көрсеткіші. Егер, билікті мақтаған, жағымпаз партия болсақ, әлдеқайда тіркеуден өткізетін еді. Солай емес пе?!-деді партия жетекшісі.

Шымкент қаласындағы «El Tiregi» партиясы филиалының басшысы лауазымына Асылжан Жананов тағайындалды. 

Партия жетекшісі Нұржан Альтаев, Асылжан Жанановқа ҚҰРАН кітабын тарту етіп, Біз бірге елдің тірегі боламыз!-деген сөзімен іс-шараны қорытындылады.

Бақдәулет Зәріпбек

Шымкент қаласы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?