Полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, көлігіне от қойған жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ ППТ-ның инспекторы полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік өзіне бекітілген аумақта патрульдеу кезінде, Түркістан қаласындағы көшелердің бірінде мемлекеттік нөмірсіз жүрген «ВАЗ 2106» маркалы көліктің жүргізушісін тоқтатады. Тәртіп сақшысы заң аясында өзін таныстырып, не себепті тоқтатқанын жеткізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабымен хаттама толтырады. Жүргізуші автокөлігінің кілтін бермеген соң, полицей эвакуатор шақырады.

Ал жүргізуші болса, көлікті алып кету кезінде қарсылық көрсетіп, боқтап, билік өкіліне қарсы негізсіз айыптаулар тағып, аузына келген былапыт сөздермен қорлай бастайды. Яғни, тұрғын өзінің теріс қылығын көрсетіп, одан әрі көліктің ішіне өрт қояды. Орын алған жайтқа байланысты полицей жүргізушіге қатты кетпеуін түсіндірген сәтте, ол полиция қызметкеріне күш қолданып, иығындағы шендерін жұлып жібереді. Бұл жағдайлардың барлығы полицейдің бейнежетонына жазылған. Осыған байланысты құқық бұзушы ер адам ҚПБ-ға жеткізілді. Белгілі болғандай, ол жұмыссыз жас жігіт болып шықты.

Сондай-ақ, жүргізушінің жөнсіз әрекеті ҚР ҚК-нің 380-бабы 1-бөлігімен «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» және 378-бабы 1-бөлігімен «Билік өкілін қорлау» тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Іс бойынша жәбірленуші полицейге қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Түркістан облысы полицейлері өз кезегінде азаматтарға қоғамдық орында тәртіпті бұзбауға кеңес береді. Сонымен қатар, өз қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдеріне күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке апаратынын ескертеді. Сондықтан қарсылық көрсетіп, құқық бұзушылық жасағанша, өз қауіпсіздігіңізді ескеріп, заң талаптарына бағынғандарыңыз жөн. Одан бөлек полицейлер, жол қозғалысына қатысушыларға әрқашан жолда абай болуға және жол қауіпсіздігі ережесін бұзбауға кеңес береді.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?