2021 жылғы 27 қыркүйекте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен облыстық құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізілді. Отырыста қаралған мәселелердің бірі өңірде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

Жыл басынан бері облыс аумағында 651 өрт тіркелді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 21%-ға төмен. Ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында, яғни төмен температура кезеңінде өрттердің өсуі пеш жабдықтарын пайдалану кезінде пештердің қызуы және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себебінен байқалса, осы күндері өрттердің өсуі электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдаланудың бұзылуы себебінен байқалды.

Жеке блокта өткен өрт қауіпті кезеңнің қорытындылары қаралды.

Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов ағымдағы жылдың өрт қауіпті кезеңі жауын-шашынның болмауымен, орташа температураның 30 градустан жоғары болуымен және желдің қатты екпінімен күрделенгенін атап өтті.

«Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері 472 табиғи өрт пен жану тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда өсім 51%-ды құрады. Биыл табиғи өрттер салдарынан 4 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қайтыс болды».

Табиғи өрттерді сөндіруге ТЖД бөлімшелері жоқ елді мекендерде әкімдіктер құрған өрт сөндіру бекеттері үлкен көмек көрсетті. Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендерде 38 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. 2023 жылға дейін тағы 21-ін құру жоспарлануда.

Табиғи өрттерді сөндіруге 505 ерікті өртке қарсы құрамалар белсенді қатысуда.

«Ермак» мобильді кешендері табиғи өрттермен күресте өз тиімділігін көрсетті. Жергілікті бюджет қаражатына осындай 55 құрылғы сатып алынды», — деп атап өтті ТЖД бастығы.

Табиғи өрттермен күресті күшейту үшін 2022-2024 жылдарға арналған материалдық-техникалық жабдықтау жоспары әзірленді және бекітілді, оған сәйкес ТЖД бөлімшелері, орман шаруашылығы мекемелері және ерікті өртке қарсы құралымдар кезең-кезеңімен шағын өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылатын болады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы өрт сөндіру бекеттерін, ерікті өртке қарсы құралымдарды құру және оларды қажетті техникамен жабдықтау бойынша одан әрі жұмыс істеу бойынша тапсырмалар берді.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?